Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Жіңішке масақ жауылша

Жіңішке масақ жауылша

Жіңішке масақ жауылша (Alyssum stenostachyum Botsch. & Vved.) – қырыққабаттар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ұзынша, биіктігі 5-25 см. ІV – VІ айларда гүлдейді. Гүлшоғырлары – барлық гүл сағақ ұштарында орналасқан, қарапайым тығыз масақ тәрізді.
Парк аумағының Тополевка орманшылығы, Шолақжота шатқалы, Аманбөктер орманшылығы күзет аймағы Қарашоқы шатқалында таралған.

✍️Ғылым бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған