Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар

«ЭКО-ауыл сақшылары» атты экологиялық форум-сайыс өткізілді

23.04.24 ж. Жетісу облысы Сарқан ауданы Жетісу орта мектебінде мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Л. А. Алыбаевамен “Парктер шеруі – 2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “ЭКО -ауыл сақшылары” атты экологиялық форум-сайыс өтті. Мектеп директоры К. Кильчабаев табиғатты қорғау маңыздылығына тоқталып,… Read More »«ЭКО-ауыл сақшылары» атты экологиялық форум-сайыс өткізілді

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

🗓️1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 🔸Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Ғылыми техникалық кеңесі өтті

Ұлттық паркте кезекті ҒТК жоспары бойынша Ғылыми техникалық кеңесі өтті. Күн тәртібінде:– 2023 жылға құрастырылған Табиғат жылнамасының орындалуы;– “Жоңғар Алатауы” МҰТП аумағында енгізілген SMART құрылғысының жұмыс нәтижесі;– “Жоңғар Алатауы” МҰТП шектеулі шаруашылық аумағында орманды жанама пайдаланудағы жайылымдар туралы; – “Жоңғар… Read More »Ғылыми техникалық кеңесі өтті

30 Сәуірде «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 14 жыл толды

📍«Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірінде құрылған. Жоңғар Алатауы МҰТП әкімшілік тұрғыдан алғанда Алматы облысының Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарын қамтиды, жалпы жер көлемі 356022 га.🖇️Парк құрамында… Read More »30 Сәуірде «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 14 жыл толды

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде: 2024 жылдың сәуір айының 26-күні, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және этика мәселесі жөнінде қызметкерлер арасында мекеме заңгері Е. Садыковтың үйлестіруімен ұжымдық жианалыс өткізілді. Осы жиынға мекеме бойынша 32 қызметкер қатысты. Бүгінгі… Read More »«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

«Жасыл желек» акциясы өткізілді

«Парктер шеруі- 2024″табиғатты қорғау акция аясында «Жасыл желек» апталығына орай «Жоңғар Алатауы МҰТП»РММ Алакөл филиалының қызметкерлері және Ақжар ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп мәдениет үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарды. Қатысқан адам саны : 25

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

«Парктер шеруі – 2024» халықаралық экологиялық акциясы аясында «Жоңғар- Алатауы МҰТП» экологиялық ағарту инженерлері және Сарқан қаласының политехникалық колледжінің «Эко-клуб» мүшелерімен бірлесіп «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай іс-шара ұйымдастырды.

Экскурсия жүргізілді

“Жоңғар-Алатауы МҰТП” экологиялық инженерлерінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі-2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Қарауылтөбе орта мектебінің 6 сынып оқушыларына оқу экскурсиясы жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар ұлттық парк туралы толық ақпарат алып, туристік маршруттармен танысты. #парктершеруі2024☘️

“Таза Қазақстан” акциясы өткізілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2024 жылды “Экология жылы” деп белгілеуіне байланысты, 25 сәуір күні “Жоңғар-Алатауы” МҰТП-де “Парктер шеруі -2024” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бірлік” ОМ мектеп орманшылығымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” атты экологиялық іс-шара өткізілді. Акция аясында Сарқан Ормантұқымбағын көгалдандыру мақсатында 3000… Read More »“Таза Қазақстан” акциясы өткізілді

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

«Парктер шеруі-2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай, сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шара аясында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Лепсі филиалының ұйымдастыруымен мәдениет үйі мен Лепсі мектебінің аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 20 түп шырша отырғызылды. Қатысушылар саны –… Read More »Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні